16
октябрь
2019
Қарттар күні
Абай атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 1 қазанында «Қарттар күні» мерекесінің жоспары құрылып, бекітілді. 3 қазан күні 9 сынып жекшісі А.Т.Ботаеваның ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында қарттарымызды құттықтау мерекелік салтанатты кеші ұйымдастырылып өткізілді. Ауыл қарттары мен қарт ұстаздарына тілектер айтылып, шағын концерт, скечтер қойылды. Қарт ата-әжелер өте қуанышты болды. Технология пәнінің мұғалімі А.Н.Ордабаевтың ұйымдастыруымен жалғыз басты ардагер ата-әжелердің үйіне барып, ер балалар қора-жайларын тазалап, отын жарып көмектесті.