09
январь
2020
Ең үздік оқырман
Абай атындағы орта мектебі бойынша 2020 жылдың 6 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Қырықбаева Жанар Жетібайқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті. Сынып бойынша ең үздік оқырман бала «Ең үздік оқырман» номинациясымен марапатталды. Оқушылар түрлі кітаптар оқып, ертегілерін айтып берді. Қанша өлең-тақпақтар жатқа айта алатындарын ортаға салды. Оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты.