Мектеп тарихы » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Алматы облысы Ақсу ауданы Көкжайдақ ауылындағы Абай атындағы орта мектебі – 1936-1940 жылдары алғашқы сауат ашу мектебі болып ашылды. Алғашқы кезде Шолақөзек ұжымшарында мектеп киіз үйде ұйымдастырылған болатын. 1944-1950 жылдары Шолақөзек (Киров ұжымшары) елді мекенінде бастауыш мектеп екі бөлмелі жер үйге орналастырылды.

Бұдан кейінгі жылдарда Көкжайдақ ауылында сегіз жылдық мектеп ашылып іске қосылды. Мектеп ашылғаннан бері басшылық жасаған ұстаздар: Омар Адамбеков (1963-1967ж.ж), Әділхан Азанбеков (1967-1968ж.ж), Абылайхан Сахариянов (1968-7190ж.ж), Тастемір Мамбеталин (1970-1973ж.ж),  Қасымбек Мұқанов (1974-1976ж.ж).

1979 жылдың  1 қыркүйегінен  орта мектеп болып құрылып,  осы жылы мектепке қазақ халқының ұлы ақыны Абай есімі берілді. 1977-1986 жылы мектеп директоры болып Аманғазина Бақтыбала, одан кейінгі әр жылдары Баханчинов Ахат (1987-1989 жж), Мырзақасымова Жанна (1990-1995 жж), Нұрғожаева Бақыт (1995-2000жж), Түйеші Ақсубай (2003-2004жж), Жақанбаева Данетай  (2004-2012жж), Артықбекова Нұргүл (2012-2018 жж), Нусипова Салима (2018-2020жж) Туйгымбеков Алтынбек (2020-2021жж) мектеп директоры болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда мектеп директорының қызметін – тарих пәнінің мұғалімі Танысбекова Нағима Тілеуғалиқызы атқаруда.

Орта мектеп болып құрылғаннан бері – Бейсенбаева Алтынсара (Қазақ ҚСР халық ағарту ісінің озық қызметкері),   Мейірманова Гүлжан (Еңбек ардагері медалінің иегері) Қабдолданова Мақан, Қапшағаева Зейнегүл, Таева Амантай, Батханов Тасқын, Құтымова Жамал, Ысқақова Күләш, Орманова Бибижамал, Рамазанов Жұмабек, Түкенова Бақыт, Құтымова Салтанат, Оспанова Макира, Шерубаев Қыдырқожа, Тұрлыбекова Күлдрайхан, Тукенова Бақыт, Орысбаева Шарбану жемісті еңбек етті. Қазіргі үш қабатты заман талабына  сай  жаңа үлгідегі мектеп ғимараты 1985 жылдың аяғында  пайдалануға берілген.

Бүгінгі таңда мектепте 31 мұғалім еңбек етуде. Жоғарғы білімдісі-23, арнаулы орта-3. Жоғарғы санаттағы мұғалімдер-3, Бірінші санаттағы мұғалімдер-9, екінші санаттағы мұғалімдер-14. Қазіргі таңда мектеп жанынан құрылған «Жұлдызай» шағын орталығында 38 бала тәрбиеленіп жатыр. Аға тәрбиешісі Байсеитова Нұргүл Мейрамғалиқызы, тәрбиешілер Тлеулина Сания Андасқызы және Айтмуханбетова Қамар Бекжанқызы еңбек етуде.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив