Мектеп жетістіктері » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп жетістіктері

Мектеп жетістіктері

Бұл мектептің түлектерінің ішінен әр жылдарда бірнеше оқушы ерекше «Алтын белгі» мен  қызыл аттестат иегері атанды. Атап айтсақ: Шагирова Бақытгүл, Танекенов Аслан, Оңғарбекова Бақытгүл, Намазшамова Сағыныш, Рамазанов Қуат, Айменова Сая, Галиева Айгүл, Ахметова Динара, Базарбаева Динара, Қанапиянова Әсел, Бимолданов Аслан, Сатыбалды Аяулым, Советхан Ақерке, Тәсібек Меруерт, Тәсібек Ақерке. 

Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижесі бойынша да мектебіміз 2005-2008 жылдар аралығында аудан бойынша үнемі алдыңғы орындарда болды. 2014 жылы орта балл-64, 2015 жылы орта балл-80,7, 2016 жылы 85,5 пайызды көрсетті. 2012 жылдан бері мектепті өте жақсы аяқтап, грантқа оқуға түскен түлектер: Мұратов Самат, Ахаев Ерхан, Төлеубаева Гүлмира, Советхан Ақерке, Қайырбекова Талшын, Тұрар Бақытжан, Маратов Еламан, Жайлаубекова Айгерім, Қалабаев Еламан, Тәңірбергенов Алмас, Байарыстанов Олжас, Сайлаубаев Шыңғыс, Тілеулі Мерей, Елемесова Аружан, Тұрарбеков Мадияр, Мұхтарұлы Жасұлан, Сейлханова Аяжан, Танирбергенова Арай, Таңатар Арнай, Бимолдина Гүлдана, Мұхаметқали Дияс, Кеңесхан Аяжан, Әбдікәрім Ақбаян, Дубек Айгерім, Сабыржан Рабия, Тәсібек Меруерт, Маратұлы Рүстембек, Бидахмет Даниял, Есболат Айбар, Тәсібек Ақерке, Дубек Дильназ, Жақып Шыңғысхан, Төкен Рамазан. 

Біздің мектепті бітірген түлектердің жан-жақты еліне, халқына қызмет жасап жүргені бәрімізге аян. Оларға ерекше тоқталып кететін болсақ.     Ауылымыздың түлектері Әзербаева Бақытжан Сағымбекқызы КазГу-дің журналистика факультетін бітіріп, Қазақстан Республикасы Парламенті Стенография бөлімінің бастығы әрі Түркі тілді халықтардың арасындағы тұңғыш мемлекеттік құжаттарды жинақтаушы маман, қазіргі танда зейнеткер.

Даубаев Естай мемелекеттік музейдің реставрация бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Карл Фоберже атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының академигі, Түркістан қаласынан ашылған «Қазақ хандығы» монументінің авторы. Ботантаева Гүлмира Астана қаласындағы  мәдениет министрлігінде, Намазшамова Сағыныш – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр жинағының авторы. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас маман. Мектепті үздік бітіріп, ғылым жолында ерекше қырынан танылып, ғылыми жетістіктері арқылы еліміз бен шетелде іс-тәжірибелік зерттеулер жүргізіп жүрген түлегіміз – Аубакирова Мөлдір. Осы мектептің түлегі - Сайлаубаев Наурызбай Туркия қаласында Сакрьия университетін бітіріп,  Талдықорған қаласында қызмет істейді. 

Сонымен бірге Көкжайдақ ауылында туған жерлес ақын қызымыз Қанипа Бұғыбаевада  осы мектепте 7 жылдық білім алған. 

Похожие публикации:

11 апрель 2022 Іс-шара
28 апрель 2017 мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив