02
сентябрь
2022
Кітапхана мәліметі
Абай атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылына кітап қорымен толық қамтылды. Мектеп кітапханасынан оқушылар әрдайым өздеріне қажетті мәліметтер таба алады. Қазіргі кезде көптеген оқырмандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, кітап оқитын жандар табылады. Қазіргі таңда, төменгі сынып оқушылары кітапхананың жиі қонақтары, оларға бәрі қызық! Оқу жылы басында оқулықтар тарату кітапханашының міндеті, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалау оқырманға тапсырылады. 2022-2023 оқу жылында 2 - сыныптар 100% жаңа оқулықтармен қамтылды. Сұраныс берген оқулықтарымыз түгелдей келді. Тамыз айында білім бөлімінен бірнеше рет кітап тасымалдау жұмыстары жүргізілді.Тасымалдау барысында кітаптар толықтай мектепке жеткізілді. Алып келген кітаптардың барлығы инвентарь кітабына кірістеліп, нөмірленіп, мөр басылды. Барлық оқушылар 100% оқулықпен қамтылды.
Мектеп кітапханашысы Ж.Ж.Қырықбаева