07
ноябрь
2019
АБАЙ - ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ
2019 жылдың 5 қарашасында Абай атындағы орта мектебінде аудандық "Абай-Шәкәрім оқулары" өтті. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай-Шәкәрім өлеңдерін жаттауды насихаттау. Жастарды ұлылар мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру. Жаңа буын жас ұрпақтың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру. "Абай-Шәкәрім оқулары" 3 кезеңнен болды. 1. "Талаптың мініп тұлпарын" атты ақындар өлеңдерін жатқа оқу кезеңі. 2. "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" ақындарға жыр арнау кезеңі. 3. "Құлақтан кіріп, бойды алар" ақындардың әндерін, күйлерін орындау кезеңі.






