Іс-шаралар » Страница 11 » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
мәлімет
01
сентябрь
2020
мәлімет
2019-2020 оқу жылының қыркүйек айының 1-і күні алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Алғашқы қоңырауға барлық оқушы толық қатысты. Білім күні сынып сағаттары Еліміздің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бірыңғай тәрбие сағаттары 1-11 сыныптар өтті.
Мәлімет
12
март
2020
Мәлімет
«Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 жылдың 4 наурызында мектебімізде білім алушылар арасында вирустық аурулардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Мектеп медбикесі оқушылар мұғалімдер, ата-аналар арасында коронавирус туралы презентация көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ертеңгілік
06
март
2020
Ертеңгілік
«Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шағын орталығында 2020 жылдың 6 наурызында аналар мерекесіне орай «Ару бүлдіршін» атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікте кішкентай арулар өз өнерлерін көрсетті. Ертеңгілік соңында әр аруға «Көктем аруы», «Сымбатты ару», «Өнерлі ару» т.б. номинациялар берілді.
Өзін-өзі тану
13
февраль
2020
Өзін-өзі тану
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 12 ақпанында рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған "Сүйіспеншілік - өмір негізі" тақырыбындағы мектепішілік ашық сабақтар өткізілді. Сабаққа мектеп әкімшілігі қатысты. Сабақтар өз деңгейінде өтті.
Өзін-өзі тану онкүндігі
06
февраль
2020
Өзін-өзі тану онкүндігі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылы «Абай атындағы орта мектебі, мекеткпе дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Онкүндік аясындағы өтіп жатқан іс-шара жоспары бойынша мектеп әкімшілігі де атсалысты. Атап айтар болсақ мектеп әкімшілігі азқамтылған және көп балалы отбасы балаларына қыстық мектеп формасын және оқу құралдарын
Мен OFFLINE
28
январь
2020
Мен OFFLINE
2020 жылдың қаңтар айының 13-24 аралығында «Мен OFFLINE» интернетсіз күн балалар акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.С.Қуанышбаевтың ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты тақырыпта сурет көрмесін өткізді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Т.Ботаева 5-11 сынып оқушыларынан «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе жаздырды. Оқушылар өз ойларын толық жеткізіп, жазып өткізді. 6 сынып және 10 сынып жетекшілері
Ең үздік оқырман
09
январь
2020
Ең үздік оқырман
Абай атындағы орта мектебі бойынша 2020 жылдың 6 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Қырықбаева Жанар Жетібайқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті. Сынып бойынша ең үздік оқырман бала «Ең үздік оқырман» номинациясымен марапатталды. Оқушылар түрлі кітаптар оқып, ертегілерін айтып берді. Қанша өлең-тақпақтар жатқа айта алатындарын ортаға салды. Оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты.
Спорт және біз
09
январь
2020
Спорт және біз
"Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 3 қаңтар күні дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бекболт Нұрланның ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өтті. Спорт денсаулық кепілі демекші, волейбол ойынына оқушылар белсене қатысты. Жеңімпаздар 1,2,3 орын және "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" номинацияларымен марапатталды.
Тәуелсіздік күні
27
декабрь
2019
Тәуелсіздік күні
Абай атындағы орта мектебі бойынша 2019 жылдың желтоқсан айының 9-13 күн аралығында Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара, ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 1-4 бастауыш сынып жетекшілері бірыңғай «Тәуелсіздік тұғырым», «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өтті. 5-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жаңғырығы», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өтті. 7 сынып жетекшісі Л.Қ.Қағазбек пен музыка