Мектепішілік мұражай » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2019

Мектепішілік мұражай

Көкжайдақта тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.

Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Қазіргі таңда, ерекше орын алып отырған, жастардың қызығушылығын туғызған тарихи-өлкетану және көркемөнер мұражайлары. Биылғы оқу жылының басында Абай атындағы орта мектебінің даму жоспарында мектеп ғимаратынан тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы жоспарланған болатын.
Сол жоспардың негізінде, 2019 жылдың 16 мамыр күні мектепте мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Бүл күн біздің мектебіміз ғана емес, барлық ауылымыздың тұрғындары да үшін елеулі күн болып отыр. Өйткені, қасиетті Рамазан айында Көкжайдақ ауылындағы мектеп ғимаратының бірінші қабатында, өскелең ұрпаққа рухани азық беретін, «Ауылым-мақтанышым» атты тарихи-мұражай ашылды.
Мұражайдың атауы «Ауылым - мақтанышым» деп аталып отырған себебі: біздің Көкжайдақ ауылымыздан шыққан ел ауызында жүрген, құрметке лайықты атақты азаматтарымыз көп. Мысалы, Ұлы Отан сөғысында ерлігімен танылған аталарымыз, бірінің-ерлері, бірінің-аға-бауырлары, бірінің әпке-қарындастыры майданда болғанда ерен еңбегімен тылда демеу болған тұлғаларымыз бар. Сонымен қатар, атақты айтыскер-ақын Сара Тастанбекқызы, ақын-жазушы Қанипа Бұғыбаева, атақты еңбек ардагері Нұрлан Оңалдинов, суретші-зергер Естай Дәубаев және тағы басқа азаматтар осы Көкжайдақ ауылында дүниеге келген. Ал біздің мұражайды ашудағы мақсатымыз: осы ауылда туылып-өскен, мақтан тұтуға лайықты қасиетті тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, өскелең ұрпаққа рухани азық бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, болашақта біздің мектебіміздің оқушылары, ауылымыздың жастары осы азаматтарға теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі болатынына қол жеткіземіз деген ойдамыз.
Мұражайдың ашылуына байланысты мектепте салтанатты іс-шара өтті жөне ауданнан, ауылдан арнайы қонақтар шақырылды. Бірінші бөлімінде, іс-шараға келген қонақтарға және мұражайда есімдері құрметке лайықты тұлғаларға арнап, үлкен-кіші демей ауылдың талантты ұл-қыздары арнайы дайындалған бағдарлама бойынша ән-шашуы мен тамаша билерін тарту етті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы тарихи мұражайдың өскелең ұрпаққа үлкен рухани серпіліс туғызатынын және мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналатынына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ауданымыздағы мектептерде ашылып отырған киелі-жетінші мұражай екендігін атап, салтанатты жиынға қатысып отырған көпшілікке өзінің жақсы тілегін білдірді.
Екінші бөлімде, арнайы құрылған бағдарлама бойынша, ашылған мұражайдың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі болды. Бұл рәсімді арнайы қонақ болып отырған Бегімбек Сейпілмәлікұлы мен ауылымыздың ақсақалы Нұрғалиев Төлеуғали атамыз жүзеге асырған болса, батаны Касенов Төкен ақсақал берді. Осы қуанышқа арнайы шашуды Шолақөзек ауылынан келген әжелер шашты. Мен, осы мұражайдың негізгі идеясының авторы болғандықтан, ішіндегі орналасқан әрбір бұрыштың құрылымымен қатысушыларды таныстырдым. Өйткені, әрбір фотосуреттің, жазылған мәліметтің, қойылған кітаптардың ерекше мағынасы бар және белгілі бір мақсатты көздейді.
Үшінші бөлімде, аулымыздың қуанышы болғандықтан, шақырылған ата-әжелерімізге ұжым мүшелерінің ұйымдастыруымен арнайы дастархан жайылды.
Жалпы, мұражайдың ішіндегі мәліметтер екі бағытта жинастырылған: Ауыл тарихы мен Мектеп тарихы. Құнды жәдігерлерді, танымдық фото-суреттерді, аудан, облыс көлемінде кітаптарда басылып шыққан мәліметтерді жинақтауға Абай орта мектебінің ұжымы, ауылымыздың азаматтары атсалысты. Ал, ауылымыздын жеке кәсіпкірі Нүсіпов Кайрат Еренұлы барлығы 465000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетсе, Дәубаев Естай Серікбайұлы 300000-нан астам құны бар өзінің және шәкірттерінің жасаған зергерлік әшекей бұйымдарын мұражайға сыйға тартты.
Әрине, бұл мұражайдың жұмысы осымен тоқтамай жалғасады. Сырт жерлерде жүрген көптеген жерлестеріміз естіп- білген сәттен өздері құнды мәліметтермен бөлісіп, үлесін қосатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта көптеген косымша мәліметтерді жинақтап толықтырамыз. Жылдар өткен сайын өскелең ұрпақ өз ауылының тарихын біліп, туылған жеріне құрметпен қарап, өзінің үлесін тигізеді деген ойдамын. Ал, ауылының мақтанышына айналатын азаматтарымыз көп болса, еліміздің болашагы зор болатынына күмәнім жоқ.
Мектепішілік мұражай
Мектепішілік мұражай
Мектепішілік мұражай
Мектепішілік мұражай
Мектепішілік мұражай
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Darrellhoamb
8 октября 2020 03:57
Шарики воздушные для праздника всем полезно приобрести. Поэтому рекомендую вам интернет-магазин купи-шары.рф, ссылка здесь Воздушный шар цифра 9 Розовое золото 102 см подойдет для всех, и детей и взрослых. Наверно это лучшее решение в такой кризисный год.

---


http://test.spektr-realty.ru/index.php?subaction=userinfo&user=Kevinfus

----


http://traxxxa.com/user/Eduardocof/

---


http://vashpartner.su/user/MichealPless/

---

А мне эта программа для активации windows 7 помогла скачать активатора windows 7 далее перезагрузи windows 7 и активация установится. Иными словали установите на компьютер активатор windows 7 скачать мне помогло. Причем активация не удаляется сама по себе Ну а здесь выбор конечно больше скачать активатора windows 7причем просто устанавливается.