Мұғалімдер » Страница 2 » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тарих пәнінің мұғалімі Қабдрашит А.А.
17
январь
2022
Тарих пәнінің мұғалімі Қабдрашит А.А.
Мен, Қабдрашит Аяжан Алтайқызы Ақсу ауданы, Ақсу ауылында 1996 жылы дүниеге келдім. Ақсу ауылында "Мамания" орта мектебін 2014 жылы аяқтадым. 2014 жылы Қыздар педагогикалық университетінің тарих факультетін тамамдадым. Қазіргі таңда, Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылы Абай атындағы орта мектебінде тарих пән мұғалім болып қызмет етудемін.
География пәнінің мұғалімі  Туйгымбеков А.М.
06
сентябрь
2021
География пәнінің мұғалімі Туйгымбеков А.М.
Мен, Туйгымбеков Алтынбек Медетбекович 14.04.1989 жылы Ақсу ауданы Қызылтаң ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы Ақсу ауданы, Ойтоған ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектепке барып, 2006 жылы бітірдім. 2006 жылы Талдықорған қаласы Жетісу Университетіне география мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы бітірдім. Екінші мамандық ағылшын тілі пәні бойынша Талдықорған қаласы Жетісу Университетіне 2016 жылы түсіп, 2018 жылы бітірдім. Қазіргі таңда Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылы Абай атындағы орта
Химия пәнінің мұғалімі Танирбергенова С.Н.
01
сентябрь
2021
Химия пәнінің мұғалімі Танирбергенова С.Н.
Мен, Танирбергенова Сауле Нұрахметқызы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Елтай ауылында 1973 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келдім. ТКПУ-ін 1995 жылы химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. Қазіргі таңда Абай атындағы орта мектебінде химия пәнінің  мұғалімі болып жұмыс атқарудамын.
Шағын орталық тәрбиешісі Тлеулина С.А.
01
сентябрь
2021
Шағын орталық тәрбиешісі Тлеулина С.А.
Мен, Тлеулина Сания Андасқызы Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылында 1977 жылы дүниеге келдім. Сол Көкжайдақ ауылында мектепке барып, 1994 жылы аяқтадым. 2015 жылы Алматы Университетіне түсіп, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығында тәрбиеші қызметін атқарып жүрмін.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сагимбекова Б.С.
01
сентябрь
2021
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сагимбекова Б.С.
Мен, Сагимбекова Бақыт Советханқызы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Абай атындағы орта мектебі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Педагог-шебер, еңбек өтілі; 28 жыл.
Бастауыш сынып мұғалімі Нурасилова М.М.
01
сентябрь
2021
Бастауыш сынып мұғалімі Нурасилова М.М.
Мен, Нурасилова Маржан Мұхтарқызы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылында 01.06.1990 жылы дүниеге келдім. Жаңаталап ауылындағы орта мектепті тамамдап, 2013 жылы Қыздар педагогикалық университетінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірдім. Қазіргі таңда Ақсу ауданы, Абай атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарудамын.
Физика-математика пәнінің мұғалімі Интыкбаева Б.А.
01
сентябрь
2021
Физика-математика пәнінің мұғалімі Интыкбаева Б.А.
Мен, Интыкбаева Баян Аятбекқызы, 1965 жылы 8 мамыр күні Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келдім. 1982-1987 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы ТКПИ де оқып, математика- физика факультетін бітірдім. Өзімнің алғашқы еңбек жолымды 1987 жылдан Абай атындағы орта мектебінде бастап, қазіргі уақытқа дейін осы аталған мектепте математика пәнінің мұғалімімін.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Палымбетова Л.А.
01
сентябрь
2021
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Палымбетова Л.А.
Мен, Палымбетова Ләззат Асылбекқызы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келдім. 2010 жылы орта мектепті аяқтадым. Алматы облысы ''Алматы университетін''  шет тілі мамандығы бойынша 2017-2019 жылдары бітіріп, қазіргі таңда Ақсу ауданы Абай атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарудамын.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Артыкбекова Н.Х.
01
сентябрь
2021
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Артыкбекова Н.Х.
Мен, Артыкбекова Нургуль Халмуханбетовна 1965 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келдім. 1982-1987 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында филология факультетінде оқыдым. 1987 жылдан бастап Абай атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары және мектеп директоры болып қызмет атқардым. Қазіргі таңда, осы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімімін.