Мұғалімдер » Страница 4 » Жетісу облысы Ақсу ауданы "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Батханов Т.Т.
01
сентябрь
2021
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Батханов Т.Т.
Мен Батханов Талап Тасқынұлы 1776 жылы 05 мамыр айында дүниеге келдім. 1983-1993 жылдары Абай атындағы орта мектебін аяқтадым.  2009 жылы ЖМУ-не дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығына түсіп, 2014 жылы аяқтадым. 2009 жылдан бастап Абай атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ботаева А.Т.
01
сентябрь
2021
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ботаева А.Т.
Мен Ботаева Асемгуль Токенқызы Алматы облысы Шелек ауданы Қорам ауылында 1983 жылы дүниеге келдім. Қорам орта мектебінде 2000 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласында ЖенПи институтын 2004 жылы аяқтадым. 2005 жылдан бастап Алматы облысы Ақсу ауданы Абай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін.
Физика информатика пәнінің мұғалімі Жамауова С.А.
01
сентябрь
2021
Физика информатика пәнінің мұғалімі Жамауова С.А.
Мен, Жамауова Салтанат Амирбековна 1979 жылы Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы мектеп бітірген соң Алматыдағы әл-Фараби атындағы КазМҰУ-нің физика факультетін бітірдім. Еңбек жолымды 2001 жылы Ақсу ауданы Абай атындағы орта мектебінен бастап, 21 жыл болды осы мектепте еңбек етудемін. 2015ж Алматы университетінің информатика факультетін бітірдім.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ордабаев А.Н.
01
сентябрь
2021
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ордабаев А.Н.
Мен, Ордабаев Әмір Нұриманұлы Ақсу ауданы Көкжайдақ ауылында 1974 жылы дүниеге келдім. Сол Көкжайдақ ауылында 1981 жылы мектепке барып, 1991 жылы аяқтадым. 1991 жылы Талдықорған индустралды педагогикалық колледжіне түсіп, технология және кәсіптік оқыту мамандығын алып шықтым. 2001 жылы Талдықорған Жетісу Мемлекеттік университетін сырттай оқып, технология және кәсіпкерлік мамандығын алып шықтым. 1994 жылдан бастап Абай атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі қызметін атқарудамын.
Математика пәнінің мұғалімі Жалмендин Бекболат
01
сентябрь
2021
Математика пәнінің мұғалімі Жалмендин Бекболат
Мен, Жалмендин Бекболат Ақсу ауданы, Сарқан қаласында 1959 жылы дүниеге келдім. Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында мектепті 1976 жылы бітірдім. Жезқазған Педагогикалық институтын 1982 жылы математика мұғалімі мамандығын оқып бітірдім. Қазіргі таңда Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылында Абай атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын.
мектеп ұжымы
28
апрель
2017
мектеп ұжымы
М    ектепте барлығы 27 мұғалім еңбек етеді.
Назад 1 2 3 4 Вперед